Өзгеріске төзімді зауыт қалай жұмыс істейді

Қаражаты жоқ бизнес-идея еліміздегі геомембрана және полиэтилен бұйымдарының жетекші өндірушісіне қалай айналғаны туралы әңгімелейміз

Ақбота Хасенова

Ақбота Хасенова

автор

Ирина Дубчак

Ирина Дубчак

редактор

Өзгеріске төзімді зауыт қалай жұмыс істейді
Зауыттың қаржы директоры Нина Морозова

Қарағандылық «Алтын Арна» зауытының өзгерістерге тез бейімделуінің құпиясы — оның икемді басқару әдісінде. 12 жылда компания техникалық полиэтилен өнімдерін өндіруден бастап, бөгеттерде, полигондарда және улы заттар қоймаларында пайдаланылатын арнайы тауар өндіруге дейін көтерілді.

Өндірісті қалай іске қосып, қиыншылықтарға қалай төзіп, қаражатты қайдан алғандары туралы зауыттың қаржы директоры
Нина Морозова
айтып берді.

Өндіріс таңында

Өндіріс таңында

«Зауыт жаңа ғана ашылып жатқанда бізге ешкім кредит бергісі келмеген. Бастапқыда бізге 45-50 миллион теңге жетер еді, ол ақшаға біз бірінші өндірістік желі сатып алып, полиэтилен үлдір жасауды жоспарлағанбыз»

Мұның барлығы «қаптама шығарайық» деген жай ғана бизнес-идеядан басталды. Қаржыландыру болмаса, өткізу арналары да болмаса, кредит берушілермен келісу қиын. 2011 жылы кәсіпорын ақыры экструдер сатып алды да, құрылыста, ауыл шаруашылығында қолданылатын техникалық полиэтилен материалдарын шығара бастады. Ол уақытта штатта 5 адам ғана істеді.

Компания басшылары өзгерістерге бел буып, бірте-бірте өндірісті де кеңейтті: өнімдердің жаңа түрлерін енгізіп, пайдасы жоқтарын алып тастап отырды, цех құрылғыларын жаңартты, жұмыс бағдарын да үнемі өзгертіп отырды. Сөйтіп, 2013 жылы өндіріс ассортиментінде халық тұтынатын полиэтилен, яғни күнделікті күнде пайдаланылатын пакеттер мен үлдірлер пайда болды.

«Біз даму бағыттарын үнемі қадағалап отырамыз. Өзгеруге қашан да дайын болу керек: зауыт ашқаннан кейін кез келген нәрсе өзгеруі мүмкін: бірнеше жылдан кейін басқа біреу тура сондай зауыт ашып, бәсекелесуі мүмкін, демпингтеуі де мүмкін. Ұстанған бағытты өзгертіп, жұмысты басқаша құра алу өте маңызды. Біз, мысалы, жыл маусымын ылғи ескеріп отырамыз: көктем келгенде құрылысқа, жылыжайларға, жабындауға арналған үлдір шығарамыз»
Геомембрана өндірісі және бизнестің бөлінуі

Геомембрана өндірісі және бизнестің бөлінуі

2018 жылы зауыт геомембрана жасайтын желіні іске қосты. Геомембрана — бұл зауыттарға, кеніштерге, жасанды су қоймаларына және қалдыққоймаларға арналған гидрооқшаулау материалы. Алайда бұйымның ерекшелігіне байланысты оны өткізу қиын болды, сол себептен 2020 жылы компания бизнестің жартысын объектілерде геомембрана төсейтін серіктестеріне сатып жіберді.

Қазір бизнестің бір жартысын үлдір өндіру, ал екінші жартысын геомембрана өндіру құрайды.

Кризис уақытында бизнеспен айналысу

Кризис уақытында бизнеспен айналысу

Өндіріс үшін айына 300 тоннадан 500 тоннаға дейін полиэтилен шикізаты қажет. Бұрын ол Ресейден тасымалданатын еді, бірақ әскери қақтығыс бұның барлығын қиындатып жіберді де, төлем өткізудегі қиыншылықтар мен шетел валютасының тұрақсыздығы кесірінен жаңа жеткізушілерді іздеуге тура келді.

Қазір компания шикізатты Ираннан сатып алады, бірақ мұнда да санкциялардың салдарынан төлем жүргізу қиын. Тасымалдау процесін ұйымдастыру да оңай емес. Шикізатты теңіз арқылы да, темір жол арқылы да жіберіп көрген еді, бірақ екеуінде де кедергі бар: теңіз арқылы тасымалдау үшін қолайлы ауа райын күту керек, ал темір жол арқылы тасымалдау вагондардың бос болуына байланысты болады. Ираннан шикізат әкелуге орта есеппен 2-3 ай кетеді.

Жеткізуші өзгергенмен, дайын өнімнің сапасы сол қалпында қалды: келген шикізат міндетті зертханалық бақылаудан өтіп отырады.

Арзан машиналардан тапсырыс бойынша дайындалған құрылғыларға дейін көтерілу

Арзан машиналардан тапсырыс бойынша дайындалған құрылғыларға дейін көтерілу

Әуелде кәсіпорын Қытайда жасалған машиналарда жұмыс істеді. Ол уақытта жабдық таңдау кезіндегі басты шарт — оның бағасының төмендігі болды. Қазір зауытта жеке тапсырыс бойынша жасалған өндіріс желілері қосылып тұр. Тапсырыс бергеннен кейін құрылғыны құрастыруға және жеткізуге шамамен 8-12 ай кетеді.

Он жыл бұрын машиналарды баптау үшін және олармен жұмыс істеуді үйрену үшін өндіруші зауыттың мамандарын шақыру керек болды. Қазіргі таңда «Алтын Арна» мамандары өздері де біршама тәжірибе жинады, сонымен қатар, зауытта арнайы оқыту орталығы бар, онда техникалық мамандар қызметкерлерге түрлі шикізат пен жабдық үлгілерімен жұмыс істеуді үйретеді.

Жаңа машиналарды жұмысқа кіргізу оңай емес. Мысалы, пакет жасайтын жаңа жабдықта көптеген қиын бағдарламалар орнатылған, жұмыскерлер оны үйренуге жарты жылдай уақыт жұмсады. Ал геомембрана жасауды үйренген кезде сапалы өнім шығарғанға дейін үш вагон жарамсыз материалды тастауға тура келді. Қазір зауытта ай сайын 500 тонна геомембрана өндіріледі.

Өнімнің сапасын техникалық бақылау бөлімшесі қадағалайды. Жұмыс барысында пайда болған кез келген жарамсыз бұйым құртылмай, керісінше қайта пайдалануға жіберіледі. Мысалы, егер азық-түлік пакеттерінде қандай да бір кемістік табылса, оларды қоқысқа арналған пакетке айналдырады.

Өндірістің техникалық мүмкіндіктері

Өндірістің техникалық мүмкіндіктері

Jusan Analytics деректері бойынша Қазақстандағы пластик қаптама өндіруші нарық импортқа тәуелді болып қалыптасқан: оның шамамен 53 пайызын шетел өнімдері құрайды. Жергілікті өндірушілердің құндылығы сол себептен де жоғары. «Алтын Арна» компаниясы Қазақстандағы пластик қаптама өндірушілердің ірі ондығына кіреді, ал оның жұмысы тек ішкі нарыққа бағытталған.

Клиенттер ассортиментте жоқ бұйымдарға жиі тапсырыс береді. Ондайда мамандандырылған топ сол бұйымды жасау жолдарын ойлап табады да, шикізат әкеліп, үлгілерін дайындайды. Мысалы, бетбұйым зауыты үшін сым қорғауыш қаптама, ал тағы бір клиент үшін ауданы 2х4 метр қаңылтыр қаптамасы өндірілді.

Зауытта биоыдырайтын пакет те өндіру мүмкіндігі бар, бірақ оның өзіндік құны жай пакеттерден төрт есе жоғары, ал сұраныс әзірше жоқ: тұтынушылар артық төлеуге әлі дайын емес.

  • 6 000 кв. м өндіріс алаңдары
  • жылына 8 000 тонна өнім
  • 12% қазақстандық пластик қаптама өндірушілері арасындағы үлес *Jusan Analytics деректері
  • айына 100 тонна пакет
  • айына 250 тонн халық тұтынатын үлдір
  • айына 400 тонна геомембрана

Кейде жұмыс ойдағыдай жүрмейді

Өндірісте құрылғылардың кесірінен тосын жағдайлар да туындап қалады. Бір жолы «Алтын Арна» бір үлкен зауытпен ішпек жасауға келісті. Жұмыс барысында құрылғы сынып қалып, оны жөндегенше, клиенттің жұмысы бес күнге тоқтап қалды. Алайда зауыт олармен жақсы қарым-қатынаста қалып, ішпектерді тағы бірнеше жыл жөнелтіп отырды.

Жұмыс кейде адамдардың кесірінен де тоқтап қалады. Он жыл бұрын «Алтын Арна» шағын ғана құрылғы паркін ұстады. Ол уақытта зауыт тұрақты тапсырыс бере алатын бір үлкен компаниямен келісімшарт жасасқысы келген еді. Олармен келіссөз жүргізу бір жылдан астам уақытқа созылды. Меншікте бұған қажет құрылғы болмағандықтан, оны жалдауға тура келді. Ақырында келісімшартқа қол қойылып, шикізат әкелініп, жұмыс басталып кеткен кезде жалға беруші зауыт «Алтын Арнамен» жұмыс істеуден бас тартты. Жұмысты ары қарай жалғастыру мүмкін болмай қалды.

Бұдан кейін зауыт басшылығы ешкімге тәуелді болмас үшін өздеріне жеке өндіріс желілерін сатып алды. Ал клиент тек екі жылдан кейін ғана қайтып келді.

Қызметкерлерді басқара отырып, қалыптасқан пікірлерді өзгерту

Қызметкерлерді басқара отырып, қалыптасқан пікірлерді өзгерту

Қазір зауытта 160-тан астам қызметкер жұмыс істейді.

Халықта өнідіріс саласында тек ер адамдар жұмыс істейді деген ой қалыптасып кеткен. Алайда «Алтын Арнада» әйелдер көп, олардың арасында 50 жастан асып кеткендері де бар. Ауыр экструдерлерлерді меңгерген әйелдерге сыйақы беріледі.

Жас жұмыскерлерді табу өте қиын. Зауытта Қарағанды техникалық колледжінің студенттері тәжірибе алады, бірақ жұмысқа тұрғысы келмейді. Олар өз мамандығына орналасқанның орнына көпшілік таңдайтын жұмыспен айналысқысы келеді.

Зауытта қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалған: оларды үйлеріне дейін жеткізіп салу бар, өнім өндіру көлемі бойынша сайыстар да өткізіледі. Жұмыскерлерді ақшалай ынталандырып отыру қажет, сондықтан да оларға сыйақылар беріліп отырады, мерекелерге орай сыйлықтар сыйланады, ал кейбіреулеріне туристік жолдамалар ұсынылады. Жылына бір-екі рет компания басшылары барлық жұмыскерлердің жалақыларын көтеріп отырып, кешіктірмей төлейді.

Компанияда классикалық жоғарыдан төмен қарай басшылық ету жүйесі орнатылған деп айтылады. Бірақ іс жүзінде олай емес: мұнда брифингтер жиі өтіп отырады, ал зауыт директоры Ренат Минхаиров күнде таңертең қызметкерлермен әңгімелесу үшін жұмысқа жолығып отырады. Сондай-ақ, жұмыскерлерде оптимизациялауға байланысты немесе шығарылатын өнімдерге байланысты қандай да бір ұсыныс болса, басшылық оны қолдап, жұмысқа алуға тырысады.

Банк өнімдері жұмысты жеңілдетеді

Зауытпен жұмыс істейтін нарық сегментінде кейін төлеу әдісі қолданылғандықтан, тапсырысқа жұмсалған қаражат 3-4 ай бойы айналады.

«Ақшаны айналыстан шығарып үлгермей, жұмысқа жаңа жабдық керек болып жатса, біз банкке барамыз. Jusan Bank-те жаңартылмалы кредит желісін аштық, оны пайдалану өте ыңғайлы. Жалпы біз банкпен бірге 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеміз, банк ұсынған барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз: овердрафт та, еңбекақы жобасы да сонда ашылған, олардың шарттары да, кешбэктері мен бонустары да ұнайды. Бос қаражатты депозитке салып отырамыз. Сондай-ақ, субсидия алу үшін мемлекеттік бағдарламаларды да пайдалануға тырысамыз».

Бастапқыда зауыт орналасқан ғимарат жалға алынып отырды, бірақ ол жерде бизнесті кеңейтуге еш жағдай болмады. Кейін компания кредит алып, оны меншік иесінен толығымен сатып алды. Енді барлығын өзгертуге мүмкіндік бар: жөндеу жұмыстарын жүргізуге, кірме жолдар мен қоймалар салуға да болады. Банк өнімдері жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Өндіріс саласында жұмыс істеген керемет

Өндіріс саласында жұмыс істеген керемет

Егер сіз өнім шығаратын болсаңыз, онда шикізат алудан бастап, дайын бұйымды өткізуге дейінгі өндірістің барлық кезеңдерінен өтетін боласыз.

«Бізге біреу келіп: „Біз зауыт ашқымыз келеді, бірақ қорқынышты“, — десе, тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз».

Өндіруді бастамас бұрын, алдымен өткізу нарығын зерттеу керек. Бірақ оны анықтағаннан кейін де өнімнің өтетіндігін алдын-ала болжауға болмайды. Пакеттерді енді шығара бастағанда зауыт 500 тонна өндіруші желі алғысы келген еді, бірақ мұншама өнім өтпей қалады деген күдік болды. Ақырында компания 120 тонналық желі алып, сол көлемді толық игергенге дейін жетті. Тапсырыс жетіп жатса, оны жабатын дайын өнім жетпей жатыр. Қазір компания 150 тонна шығаратын машиналарға тапсырыс беріп қойды. Оның көлемін игерге алса, өндіріс қуатын тағы да өсіруге болады.

Осыған орай, бірінші кеңес мынадай — өндіріс машиналарын сипатына байланысты бөліп алыңыздар. Ол әсіресе бір тектес құрылғылар алған кезде ыңғайлы. Мысалы, «Алтын Арнада» 20 бірдей үлдір үрлегіш машина, 20 бояғыш машина және 20 үлдірден пакет жасайтын машина бар.

Зауыт жаңа ашылып жатқанда оларға ешкім кредит бергісі келмеген еді. Компанияда ақша айналымы да, клиенттер де болмады. Бизнес-идеяға қолдау іздеу ұзаққа созылды. Бірақ ондайлар да табылды.

Сондықтан да, екінші кеңес — ешкім қолдамаса де, ойларыңыздан қайтпаңыздар. Қол ұшын беретіндер ерте ме, кеш пе табылады. Кредитті бір рет алғаннан кейін тағы біреуін алу оңайырақ болады: оған нені толтырып, қайда бару керегін алдын-ала білетін боласыз. Мемлекет банктермен бірігіп, шағын және орта бизнеске кредит беріп жатқанда, талпынып көру керек. Бизнес ашып, бірте-бірте кеңеюге мүмкіндіктер бар.

Өндіріс елімізді дамытады, жаңа жұмыс орындарын ашады. Барлығы ойдағыдай болмаса да, нәтижесінде қандай да бір тәжірибе, құрал-жабдық, пайдалы таныстар қалады. Барлығы бірден іске аспауы мүмкін, бірақ одан қорқудың қажеті жоқ.