Шетел азаматтарына Қазақстанда ЖК-ті қалай ашуға болады

Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті шетелдіктерден тек ЕАЭО және Тәжікстан азаматтары ғана аша алады. Оның құжаттары, рұқсаттамалары мен тіркеу рәсімдері туралы сөз қозғаймыз

Ақбота Хасенова

Ақбота Хасенова

автор

Владислав Флоринский

Владислав Флоринский

редактор

Шетел азаматтарына Қазақстанда ЖК-ті қалай ашуға болады

Тәртібі мынадай: шетел азаматына тұрақты тұруға арналған рұқсат, тұру ықтиярхатын, ЖСН және электрондық-цифрлық қолтаңба алу қажет. Содан кейін қызмет түрі мен салық режимін таңдап, ЖК-ті тіркей беруге болады.

Қай ел азаматтары Қазақстанда ЖК аша алады

Елімізде ЖК-ті тек ЕАЭО-тың Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан азаматтары ғана аша алады:

  • Ресей
  • Беларусь
  • Қырғызстан
  • Армения
  • Тәжікстан

Аталған елдердің азаматтары қазақстандықтардың құқықтарына теңдей ие бола алады. Ал сол елдерде тұратын қазақстандықтар, керісінше, олардың азаматтарының құқықтарын «Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтардың құқықтық мәртебесі туралы» шарт және «Еуразиялық экономикалық одақ туралы» шарт бойынша ие бола алады.

Тәжікстан ЕАЭО-қа кірмесе де, «Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтардың құқықтық мәртебесі туралы» шартты бекітті, сондықтан да Тәжікстан азаматтары Қазақстан аумағында ЖК аша алады.

Қазақстанда тұру ықтиярхатын қалай алуға болады

Қазақстанда жоғарыда аталған шетел азаматтары жеке кәсіпкерлікті тұру ықтиярхатын алғаннан кейін ғана аша алады.

Тұру ықтиярхаты — бұл шетел азаматына Қазақстанда тұрақты тұру құқығын беретін құжат. Оны көші-қон полициясы департаменттерінде алуға болады.

Тұру ықтиярхатын алу үшін алдымен тұрақты тұруға арналған рұқсат алу керек, содан кейін тұрақты тұрғылықты жерде тіркеліп, тұру ықтиярхатын алуға арналған өтінім беру керек.

Тұрақты тұруға арналған рұқсат алу үшін қажет құжаттар:

  • Өтініш-сауалнама;
  • Ұлттық немесе шетел паспортының көшірмесі мен түпнұсқасы;
  • Ерікті нысанда жазылған өмірбаян;
  • Азаматтық тиесілілігі бар мемлекетте берілген соттылығының болмауы туралы анықтама;
  • Тұрғын үй жалдау және тұрақты тіркеу есебіне тұру туралы нотариус куәландырған шарт;
  • 028/у нысанындағы медициналық анықтама;
  • 3,5x4,5 см көлеміндегі фотосурет;
  • Төлем қабілеттілігін дәлелдейтін құжат — банк шотында адам басына 1 320 АЕК мөлшеріндегі сома бар екендігі туралы қазақстандық банктен алынған анықтама, 2022 жылы бұл сома 4 197 600 теңгеге тең.

Егер тұрақты тұруға арналған рұқсат балалар үшін қажет болса, онда 16 жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі мен түпнұсқасы және 14 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың нотариус куәландырған Қазақстанда тұрақты тұру туралы келісімі қажет болады.

Соттылық, төлем қабілеттігі және медициналық куәландырудан өту туралы анықтамалардың мерзімі берілген күннен бастап 180 күннен аспау керек.

Тұрақты тұруға арналған рұқсат 45 күн ішінде беріледі. Содан кейін тұру ықтиярхатын алуға болады.

Тұру ықтиярхатын алу үшін қажет құжаттар:

  • Паспорт түпнұсқасы;
  • Тұрғылықты жер бойынша тіркелу туралы хабарлама — оны ХҚКО-да алуға болады;
  • 3,5x4,5 см көлеміндегі екі фотосурет;
  • 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлегені туралы құжат. 2022 жылы ол 613 теңге болады.

Тұру ықтиярхаты 17 күн ішінде беріледі. Қазақстанда оны жалпы 10 жылға дейінгі мерзімге алуға болады, бірақ бұл мерзім паспорттың аяқталу күнінен аспауы керек. 16 жасқа толмаған балаларға тұру ықтиярхаты қажет емес.

Шетел азаматына ЖСН-ді қалай алуға болады

Қазақстанда бизнес жүргізу үшін ЖСН қажет. Ол 12 цифр тіркесінен тұратын жеке сәйкестендіру нөмірі. Ол адамның бірегей жеке мәліметтерінен бір рет құрастылырып, өзгертіле алмайды. ЖСН банк шотын ашуға, салық төлеуге және Қазақстандағы мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажет. Оны жергілікті ХҚКО-да немесе Банк ЦентрКредит бөлімшелерінде алуға болады.

Қандай құжаттар қажет:

  • өтініш
  • паспорт
  • нотариус куәландырған сенімхат — егер ЖСН шетелдіктің өкілі арқылы алынатын болса

ЖСН 1 жұмыс күні ішінде тегін беріледі.

Қазақстанда ЖК-ті қалай ашуға болады

ЖК-ті тіркеу үшін мемлекеттік органдарға онлайн хабарландыру жіберу керек. Ол үшін электрондық лицензиялау сайтында немесе екінші деңгейлі банктер қосымшаларында белгіленген үлгі бойынша өтініш беру керек. Тіркелу қызметі толығынан тегін.

ЖК-ті мемлекеттік қызмет арқылы онлайнда тіркеу үшін тек қана электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Оны ХҚКО-да немесе egov.kz электрондық үкімет сайтында алуға болады.

ЖК-ті тіркеу бұрын қызмет түрі мен салық режимін таңдау керек. Оны алдын-ала істеу керек, себебі тіркеу кезінде сәйкес тармақтарды толтыру қажет болады. Әр салық режимі туралы толығырақ біздің басқа мақалаларымызда оқуға болады:

Elicense.kz-те ЖК-ті қалай ашуға болады

1. ЭЦҚ арқылы авторизациялану

2. «Қызмет көрсету» бөліміне өту → «Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама» → «Қызметке онлайн тапсырыс беру»

3. Деректерді толтыру:

  • нақты мекенжайы
  • ЖК атауы
  • қызмет түрі (ЭҚЖЖ)
  • салық режимі (ЖБР, «оңайлатылған», «патент»)

4. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қою

ЖК тіркелгені туралы elicense.kz порталындағы жеке кабинетте білуге болады:

Ары қарай не істеу керек

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы хабарландыру жіберілгеннен соң, бірден жұмыс істей беруге болады. ЖК ашылғаннан соң аталған хабарландыру расталды деп саналады. Енді табысты ресми түрде есептеу үшін клиенттерден төлем қабылдау тәсілдерін таңдау керек.

Клиенттерден төлем қабылдау тәсілдері

ЖК клиенттерден төлем қабылдау түріне байланысты келесілерді тіркеу керек:

  • Онлайн-касса — қолма-қол ақша және банк карталары арқылы төлем қабылдау.
  • ЖК шоты — қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау.
  • POS-терминал — төлемдерді карта және QR көмегімен қабылдау.

Шотты Jusan Business мобильді қосымшасында ашуға болады — бұл тез, тегін, әрі банкке барудың қажетісіз. Сондай-ақ, бірден карта және QR арқылы төлем қабылдайтын POS-терминалға тапсырыс беруге болады — оны келесі күні жеткізіп, қосып береді.

Jusan Business-те шот ашыңыз

Jusan Business мобильді қосымшасында шот ашып, бизнесті басқарыңыз

Оны Google Play-ден немесе App Store-дан жүктеңіз

appStoreplayStore