Ösim
Ösim — бұл Jusan Business-тің Қазақстанда бизнес ашу және жүргізу туралы журналы.
Біз мұнда бизнес-процестерді қарапайым тілмен, заңгерлік тұжырымдар мен бухгалтерлік сленгті қолданбай түсіндіруге тырысамыз.
Осылайша біз Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына ықпал еткіміз келеді. Яғни, іс жүргізу, салық төлеу және есептілік берудің жөн-жосығын айқындап, бизнеспен айналысу жеңіл болмауын ескертіп, кәсіпкерлерге көмектескіміз келеді.
Журнал 2022 жылғы 27 қазанда іске қосылды. Содан бері біз 17 мақала және 1 арнайы жоба жасадық. Ол үшін біз 129 материал мен 55 түрлі заңды оқып, 3 сарапшыдан – 2 бухгалтер мен 1 бизнес-кеңесшіден кеңес алдық.
Ösim редакциясы
Редакциямызда кәсіби авторлар, аудармашылар, дизайнерлер мен әзірлеушілер жұмыс істейді. Сонымен қатар, бізбен серіктес ретінде білікті сарапшылар — бухгалтерлер, заңгерлер және бизнес-кеңесшілер қызмет істейді.
Егер сіз автор немесе сарапшы болсаңыз, және бізбен бірге жұмыс істегіңіз келсе, osim@jusan.kz поштасына хабарласыңыз.
Журналда қызмет етушілер:
Ирина Дубчак
Бас редактор — жаңа идеялар ойлап табады, мақалаларға редакция жасайды, журнал жұмысына басшылық етеді
Ақбота Хасенова
Автор-аудармашы — мақалалар жазып, оларды қарапайым қазақ тіліне аударады
Максим Перфильев
Арт-директор, дизайнер және жұмыс процестері бойынша құпия кеңесші — барлығының жөнді болуын қадағалайды
Димитрий Захаров
Графикалық дизайнер — нейрондық жүйелерге өзінің жұмысын жасауды үйретеді
Арман Казгозжин
Fullstack-әзірлеуші — код жазу, верстка жасау, көшіру, түзету, енгізу, баптау жұмыстарының шебері
Журналмен жұмыс істегендер:
Владислав Флоринский
Бас редактор болды — жобаны ойлап тауып, жарыққа шығарды да, оған толықтай беріліп айналысты. Үзілістерде мақалалар жазып, мәтіндерге редакция жасады
Үлес қосқандар:
Сарапшылар:
Шынар Хасенова
17 жылдық стажы бар бухгалтер
Жулдыз Сейтахметова
5 жылдық стажы бар бухгалтер
Дмитрий Казанцев
Бизнес-кеңесші, Республикалық кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығының негізін салушы